План

Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық  педагогикалық институтының

2020-2021 жылдарға арналған (білім беру саласында) сыбайлас жемқорлыққа қарсы комиссиясының іс-шара

Жоспары

р/с

Іс-шараның атауы

Қорытындылау түрі

Жауаптылар

Орындалу мерзімі

1.

Ректорат және Ғылыми кеңес мәжілістерінің күн тәртібіне енгізілген сұрақтар мен шешімдердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы қолданылатын заңнамаларға сәйкестігін талдау

Хаттамаларды талдау

Комиссия мүшелері

Жыл бойы

 

2.

Жоғары оқу орнының сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүргізген іс-шаралары туралы Интернет-ресурстарда сайттың жұмыс істеуін қамтамасыз ету

Сайт құру

Ақпараттық технология және бағдарламамен қамтамасыз ету орталығы

Қараша 2020ж.

3.

Институтта туындаған дау-шар жағдайларды шешу мақсатында кураторлар мен студенттерден өкілдер тағайындау мәселесін қарастыру

Бірлескен өкілдерді анықтау

Ғылыми кеңес

Желтоқсан 2020ж.

4.

Институтта сыбайлас жемқорлыққа қарсы бейне роликтар  көрсетілімін ұйымдастыру

Бейне роликтарды көрсету

Оқу үрдісін мультимедиялық

қамтамасыз ету бөлімі

 

Тоқсанына бір рет

5.

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мен ескерту мақсатында студенттер арасында жемқорлыққа қарсы төзімсіздік және жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін анықтау бойынша әлеуметтік зерттеу жүргізу

Студенттердің әлеуметтік сауалнамасы

Комиссия мүшелері және тәрбие жұмыстары бойынша басқарма

Жылына екі рет

6.

Жемқорлық көріністерге нөлдік төзімсізділікті қалыптастыру және белсенді азаматтық ұстанымды таныту үшін «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірыңғай майдан!» атты жастар акциясын  өткізу

Жастар акциясы

Тәрбие жұмыстары бойынша басқарма

Жылына бір рет

7.

Екінші курс студенттері үшін «Жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері» пәні бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптар енгізу

Тақырыптық жоспарға сәйкес

Қазақстан Тарихы, құқық және экономика негіздері кафедрасы

Төртінші семестр

8.

Жоғары оқу орнының профессор-оқытушылар құрамына «2015-2025 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы Стратегиясын»  түсіндіру жұмыстарын жүргізу

Прокуратура және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдерімен кездесу

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комиссия және ректорат

 

Жылына екі рет

 

9.

«Таза сессия» атты мониторинг өткізу

Мониторинг

Комиссия және тәрбие жұмыстары бойынша басқарма

Жылына екі рет

10.

Институт ғимаратына «Сенім жәшігін» орнату

Хаттар саралау

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комиссия

Айына бір рет

11.

Ғылыми Кеңес және комиссия отырыстарында факультет декандары мен кафедра меңгерушілерінің  құзырындағы ұжымда жемқорлыққа қарсы жүргізілген жұмыстардың есебін тыңдау

Есептер

Ғылыми кеңес және сыбайлас жемқорлыққа қарсы комиссия

Жылына бір рет

12.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптарда дәріс оқу

 

Дәріс

Қазақстан Тарихы, құқық және экономика негіздері кафедрасы

Жылына екі рет

13.

 

 

Институт ректорының бірінші курс студенттерімен кездесуін ұйымдастыру

Кездесу

Тәрбие жұмыстары бойынша басқарма

Оқу жылына екі рет

14

Бұқаралық ақпарат құралдарында институттың сыбайлас жемқорлықты алдын алу бойынша жүргізген жұмыстары туралы материалдарын жариялау

Басылымдар

Декандар

Жыл бойы

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жоғары оқу орнындағы атқарылған жұмыстар

Сыбайлас жемқорлықты болдырмау және алдын алу мақсатында әрі институт қызметкерлері мен студенттерінің жемқорлыққа төзімсіздік көзқарасын арттыру үшін Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық  педагогикалық институтында сыбайлас жемқорлыққа қарсы комиссиясы құрылды. Комиссиның іс-жоспары негізінде институттың бас ғимаратының (Әуелбеков көшесі,17) фойесінде «Сенім жәшігі» ілінді. «Сенім жәшігіне» әрбір ынта танытқан қызметкер мен студенттер институт әкімшілігінің тарапына өздерінің арыз-шағымдары мен ұсыныстарын салуға толық мүмкіндік туғызылды.
Сыбайлас жесқорлыққа қарсы комиссия қысқы сессия аяқталғаннан кейін «Сенім жәшігін» тексерген уақытта, оның ішінен ешқандай жемқорлықты әшкерелейтін материалдар табылған жоқ.